00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордадағы ломбардқа шабуыл жасаған жігіт қолға түсті

25.02.2023 | 03:15
Елорда ақпарат
34

Оқиға 21 наурыз күндіз Бұқар жырау көшесінде болды. Полицияға ломбардтың 21 жастағы сарапшы-бағалаушысы хабар берген.

Айтуынша, белгісіз біреу ломбардқа кіріп келіп, пышақпен қорқытқан. Зәресі ұшқан қыз сейфті аша алмаған, сол кезде күдікті үстелде жатқан бір бау кілтті алып, өзі ашуға тырысқан. Бірақ оның да қолынан келмеген. Ашуға булыққан ер адам қызметкерді жұдырықпен бір ұрған.

Осыдан кейін күдікті үстелден ұялы телефон мен гауһар тасы бар алтын сырғаны, салпыншағы бар алтын алқа мен екі алтын сақинаны алып, оқиға орнынан қашқан. Ломбардқа үлкен шығын келді.

Күдіктіні полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы іздестірген.

Ер адам анықталып, ұсталды. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны, бұрын сотталған. Полицейлер ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар