00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған адам ұсталды

25.02.2023 | 03:13
Елорда ақпарат
33

Ломбардқа жасалған шабуыл 21 наурызда болған. 102 пультіне ломбардтың 21 жастағы сарапшы-бағалаушысынан күндізгі сағат 11.00 шамасында Бұқар жырау көшесіндегі ломбард үй-жайына белгісіз ер адам кіріп, пышақпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қорыққан қыз сейфті аша алмаған, содан кейін күдікті үстелден бірнеше кілттерді алып, оны өзі ашуға тырысқан. Алайда сейфті ашалмаған ол ашуланып, қызметкерді жұдырықпен ұрған. Содан кейін күдікті үстелден ұялы телефон мен бриллиант алтын сырғаны, алтын алқа мен екі алтын сақинаны қолды еткен. Ломбардқа үлкен көлемде шығын келтірген қаскүнем осыдан кейін қылмыс орнынан ізін суытқан. Аталған қылмыскерге қатысты бағдарлар жасалып, департаменттің барлық жеке құрамы күдіктіні іздестірді, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Іздеуде жүрген күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері ұрланған зергерлік бұйымдарды сатқан орынды анықтады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар