00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қызылорда облысында АН-2 ұшағы өртеніп кетті

25.02.2023 | 01:09
Елорда ақпарат
33

Бүгін сағат 12:30-да Арал қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерге қону кезінде «Тараз Жаңа әлем» жеке әуе компаниясының Ан-2 ұшағы өртенді. Ұшақ Қызылорда – Арал бағыты бойынша жедел жәрдем TJA5217 рейсін орындаған, - делінген департамент мәлімдемесінде.

Мәліметке сүйенсек, ұшақ бортында 2 экипаж мүшесі мен 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апаттары мен оқыс оқиғаларын Тергеу департаменті тексеру жүргізеді. 

АН-2 (ел арасында «кукурузник» аталып кеткен) – кеңес дәуірінен келе жатқан көп мақсатта қолданылатын ұшақ. Бұл – тірек қанаты бар поршенді бір қозғалтқышты биплан. Ол ауылшаруашылық, спорт, көлік, оқу мен жолаушылар ұшағы ретінде пайдаланылады және көптеген елдің әуе күштерімен қызмет етеді.

 

Барлық жаңалықтар