00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қаңтар оқиғасы бизнестің 23%-ына теріс әсер еткен

24.02.2023 | 23:15
Елорда ақпарат
33

Кәсіпкерлердің мәліметінше, Қазақстанның бірнеше қаласында орта және шағын бизнес жұмысы толықтай тоқтап, бұл өз кезегінде табыстың айтарлықтай азаюына алып келді.  

Жұмыс берушілердің 23%-ы қаңтар оқиғасының қызметкерлердің жұмыс істеу қабілетіне әсер еткенін айтты. Ал 46%-ы аса әсер етпеді десе, қалған 31%-ы ешқандай өзгеріс байқамағанын айтады, – делінген хабарламада. 

Жұмыс берушілердің 73%-ы қиын сәтте ұжымға қолдау білдіре алғанын бөлісті. Олардың 27%-ы ұжымдық психолог көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің 56%-ы қызметкерлерінің жалақысынан жұмыс болмаған күндердің ақысын алмаса, 32%-ы жартылай төлем жасаған. 

Ұжымның позитив көңіл-күйде болуы маңызды. Бірақ қауіпсіздік қашан да бірінші орында тұрады. Осы орайда, компаниялардың 45%-ы қызметкерлеріне 100% үйден жұмыс істеуге рұқсат берді. Мұнымен қатар, компаниялардың 32%-ы жұмысты 50% кеңседе, 50% үйден істеуге рұқсат етті, – делінген сауалнамада.

Жұмыс берушілердің 24%-ының орташа есеппен жұмыс күнін 1-1,5 сағатқа қысқартқаны белгілі болды. Бұл қызметкерлер қараңғы түспей үйіне жетіп алу үшін жасалған.

Барлық жаңалықтар