00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әйелдер теннисі: қазақстандық спортшылар рейтингте нешінші орында

31.03.2023 | 20:47
Айман Нығмет
34

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке сындағы үздік үштік бұрынғыша қалды: бірінші орында польшалық Ига Свёнтек, одан кейін тунистік Онс Жабер және америкалық Джессика Пегула.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина – 22-ші позицияда қалды. Юлия Путинцева 51-ші орынға тұрақтады.
Жұптық разрядтағы ТОП-3 те өзгерген жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).
Қазақстандық «жұптардың» арасында ең мықтысы Анна Данилина 11-ші орынды сақтап қалды, Жібек Құламбаева бір позициясын жоғалтып, 201-ші орынға тұрақтады.

Барлық жаңалықтар