00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингіне енді

31.03.2023 | 20:27
Елорда ақпарат
53

World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound), әлемдегі ең үздік 50 боксшының рейтингін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Жақында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғаш рет тізімге енді. Ол рейтингте 49-орында тұр.

Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он үшінші рет жеңіске жетті

Ал IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-орынында.

Рейтингте украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Ал 2-орында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.

Барлық жаңалықтар