00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Екі жас теннисшіміз әлемдегі үздік 100 ойыншы қатарына енді

31.03.2023 | 19:38
Елорда ақпарат
45

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты. Ал Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-орынға көтерілді.

Айта кетсек, Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.

Барлық жаңалықтар