00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Головкин наурыз айында Қазақстанда жұдырықтасады

31.03.2023 | 19:36
Елорда ақпарат
38

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини хабарлады. «GGG Фалькао Эскивті қабылдайды. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы DAZN Boxing және DAZN Brasil компанияларымен келіссөздер жүргізуде. Жекпе-жек наурыз айында өтеді», – деп жазды тілші өз твиттерінде.

Эскива Фалькао WBA және IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер болып саналады. Sports.kz порталының хабарлауынша, бұл Головкиннің мансабындағы соңғы жекпе-жек болуы мүмкін. Головкин-Фалкао жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар