00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтіп жатыр

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
42

Жарыс әр жыл сайын күзде елордада қалалық Спорт басқармасы және Көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарысқа 215 спортшы қатысуда. Ашық чемпионатқа басқа қалалардан келген спортшылардың да қатысуға мүмкіндігі бар. Биыл Қарағанды және Жамбыл облыстарынан жас гимнасшылар келді. Турнирде 2016-2011 жылғы қыздар бақ сынауда.

Бірінші күн нәтижесі бойынша жеке бағдарламада 2016 жылғылар арасында бірінші орынды «Изумруд» мектебінің спортшысы София Герцен жеңіп алды (жаттықтырушы: Елена Фотина). Екінші орынға Томирис Айбекова жайғасса, үшінші орын  Сара Аушахмановаға бұйырды. Топтық сайыста бірінші орынды Тараздың қыздары жеңіп алса, екінші орынды «Жемчужина» мектебінің спортшылары иеленді.

Жарыс 9 қыркүйекте аяқталады.

Барлық жаңалықтар