00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елена Рыбакина Торонто турнирін жеңіспен бастады

25.02.2023 | 13:11
Айман Нығмет
37

Қазақстандық теннисші алғашқы айнылымда әлемнің 47-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, Елена 2020 жылы Римде (7:5, 7:6), биыл Аделаидада (Аустралия) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина сәттірек ойнады – 7:5.

Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте М.Боузкова брейк жасап кетті – 6:5. Дегенмен Рыбакина сол бойда таразы басын теңестірді – 6:6.

Тай-брейк Боузкованың пайдасына шешілді – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бастады – 1:0. Қазақстандық спортшы матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Үш сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 6 эйс жасап, 22 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Е.Рыбакина екінші айналымда қос америкалық, әлемнің 11-ракеткасы Кори Гауфф немесе рейтингте 64-сатыда тұрған Мэдисон Бренглдің біреуімен кездеседі.

Осылайша, Е.Рыбакина Уимблдонда чемпион атанғаннан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бұрын Сан-Хосе WTA-500 (АҚШ) жарысының бірінші айналымында ресейлік Дарья Касаткинаға жол берген еді.

Кейін Д.Касаткина Сан-Хоседе жеңімпаз атанды. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонтода алғашқы айналымда рейтингте 299-орындағы канадалық Кэтрин Себовпен кортқа шығады.

Жүлде қоры 2 млн 697,250 мың долларға бағаланған Торонто додасы 14 тамызда мәреге жетеді. Өткен жылы мұнда канадалық Бьянка Андрееску озық шыққан еді.

Барлық жаңалықтар