00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық жас шахматшылардың болашағы зор

24.02.2023 | 14:58
Елорда ақпарат
49

«Жетісу» саябағында өткен турнирге 14-29 жас аралығындағы 50 қатысушы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында алдын ала онлайн-форматта тіркелген. Жарыс барысында олар 6 турдан тұратын шахмат партияларын ойнады. Блиц-турнир санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды толық сақтай отырып, міндетті түрде бетперде және қолғап киіп өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов мұндай жарыстар алдағы уақытта халықаралық спорт ареналарында ел намысын лайықты қорғай алатын әлеуетті чемпиондарды тәрбиелеуге және дайындауға көмектесетінін жеткізді. Ал волонтер Дамир Айтымовтың айтуынша, елордалық оқушылар мен студенттер гаджеттерге құмар болғанмен, шахмат, тоғызқұмалақ және киберспорт сияқты үстел ойындарына деген қызығушылығын бәрібір жоғалтпайды. Мысалы, осы жолы зияткерлік ойын әуесқойлары фавориттерді қалауынша қолдап қана қоймай, өздері де open-air форматында еркін үстелдердегі шахмат қозғалысына қосыла алды.

Кеш соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға турнирді жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірді.

Барлық жаңалықтар