00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Ол – біздің қаһарманымыз»: Әкім Александр Руденконың отбасына барды

03.08.2023 | 11:30
83
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Щучье көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалу үшін өз өмірін қиған педагог Александр Руденконың отбасына барды, деп хабарлады Elorda.info

Қала әкімі Мемлекет басшысының атынан оның отбасына ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті.

b371ab5b-afee-4afa-a70f-b894b5f8d9d1.jpg

Александр Руденконың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Александр Иванович ұлағатты ұстаз, өз ісінің білікті маманы еді, елордадағы №32 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Ол – біздің қаһарманымыз, оның сын сәттегі батылдығы мен жанқиярлық ерлігі мәңгілік есімізде сақталады, - деп жазды Ж.Қасымбек.

Барлық жаңалықтар