00:00
Астана -10oC
USD:
447.4
EUR:
477.55
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада досы үшін дер кезінде көмек шақырған бала марапатталды

01.03.2024 | 09:25
124
Фото: дереккөз

Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық табыс етілді. Бұл оқиға бойынша «102» жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалауға серуендеуге барған. Олар ойнап жүріп мұз үстіне шыққан. Мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген Дархан оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. 

Суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Олардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, бала судан шыарылып,  кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

Барлық жаңалықтар