00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Астана Опера» солисі халықаралық тележоба жеңімпазы атанды

19.12.2023 | 09:30
87
Фото: дереккөз

«Астана Опера» театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев кәсіби опера әншілерінің «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info

Дінмұхамед Көшкінбаев – ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының түлегі, Бибігүл Төлегенова байқауының бас жүлде иегері, Ева Мартон танымал халықаралық вокалистер байқауының (Венгрия) финалисі.

Қараша айында әншінің жеңістер қазынасы тағы бір мәртебелі марапатпен толықты: орындаушы «Opera Crown Tbilisi» халықаралық вокалдық байқауында үшінші орынды иеленіп, арнайы жүлдесін алды.

«Большая опера» – «Культура» телеарнасының танымал жобасы, оның тұсаукесері 2011 жылы өткен болатын. Оған шоу мен академиялық концерт элементтері біріктірілгендіктен, оның барлық маусымы көрермендердің зор қызығушылығын туғызған.

Барлық жаңалықтар