00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты

28.02.2024 | 05:17
813
Фото: дереккөз

Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынды: А тобы (18 жас және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

Бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру бәсекесінде елордалық спортшылар алдына жан салмай, алтыннан және күмістен алқа тақты.

Атап айтқанда, 15-17 жастағылар арасында сынға түскен жерлесіміз Арсен Қожахметов аталған жарыстың рекордын орнатты. Ол жүзу жарысының В тобында 50 м брассты 28.26 секундта жүзіп өтіп, жеңіс тұғырынан көрініп, Азия чемпионатының алғашқы рекордын орнатты.

Қазақстан ерлер құрамасы В тобының аралас әдіс жүзу эстафетасында (4х100) жеңімпаз атанып қана қоймай, Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Команда құрамы сапында астаналық Арсен Қожахметов өнер көрсетті.

Қазақстан ерлер құрамасының көрсеткіші 3:41.52.

Сондай-ақ ерлер құрамасының құрамында өнер көрсеткен елордалық Арсен Қожахметов эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Кешенді жүзу жарысының А тобында ерлер арасында 100 метрге баттерфляй әдісімен сынға түскен елордалық Әділбек Мусин Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Ол 52.21 секунд ішінде жүзіп өтіп, чемпион атанды.

Айта кетсек, жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында үйлесімді жүзу, ал 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.

Барлық жаңалықтар