00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Bosphorus Cup-2023: Елордалық мәнерлеп сырғанаушы жүлдегер атанды

04.12.2023 | 06:30
80
Фото: дереккөз

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы, елордалық Рахат Бралин Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан Bosphorus Cup-2023 додасында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elorda.info

Ол қос жаттығудың нәтижесінде 203.40 ұпай жинады. Алтын әзірбайжандық спортшы Владимир Литвинцевтің (221.10 ұпай) еншісінде. Одан кейінгі сатыға Түркия спортшысы Бурак Демирбога (211.02 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, бұл жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет жиналды.

Барлық жаңалықтар