00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Өрмекші адам» ардагер ұстазды терезеден құттықтады

24.02.2023 | 15:21
Елорда ақпарат
64

Өндірістік альпинист Қайратбек Тұрғанжанов арқанмен жүріп, биіктікте терезе жуу, терезе жақтауларындағы саңылауларды бекітіп, жылыту шарасын жүргізу сияқты күнделікті әдеттегі жұмыстарынан бөлек, «Өрмекші адам» кейпінде әртүрлі отбасылық мерекелік құттықтауларды да ұйымдастырады. Бұл жолы ол 40 жыл шәкірт тәрбиелеп, талай оқушыны білім нәрімен сусындатқан қасиетті мамандық иесі, ұлағатты ұстаз Роза Халесованы құттықтады

«Өрмекші адам» – адамдарға жақсылық жасайтын жағымды кейіпкер ғой. Сондықтан шәкірттерім де, балаларым да осындай «Өрмекші адам» сияқты тек адами қасиеттерімен көрініп, барлық адамдарға жақсылық жасай берсін деп тілеймін. Бұл тосын-сый болды. Сіздерге көп рақмет», – деді ардагер ұстаз. 

Шара ұйымдастырушылары ұлағатты ұстазға зор ілтипат білдіре отырып, еліміздің барша мұғалімдер қауымына құрмет көрсеткілері келгенін айтады. 

Барлық жаңалықтар