00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жауапкершіліктен бұрын алдымен блогерліктің қызметін нақтылап алу қажет – заңгер

05.05.2023 | 11:00
73
Фото: bistrozaim.ua

Осы аптада Мәжіліс отырысында «Ауыл» фракциясының депутаттары Қазақстандағы блогерлерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Осыған байланысты заңгер, саяси PR маманы Айгүл Ешмағамбетова пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Депутаттың көтеріп отырған сұрағы блогерлердің мәселесі емес, ол әлеуметтік желілер проблемасы деп білемін. Бұл тек біздің елде ғана емес, интернетке қолжетімді барлық елде бар. «Блог» және «блогер» терминдері 1999 жылы ғана пайда болды. Бастапқыда өзінің блог платформасында мәтін мен мақалаларын жазатын және өзінің аудиториясымен комментарий арқылы араласып, пікір білдіретін адамдар блогер болып есептелді. Бірақ 24 жыл ішінде бүкіл әлемде әлеуметтік желілер өте қатты дамуда. Интернеттің қолжетімділігі артты. Классикалық түрде пайда болған блогер ұғымы ескіре бастады, - дейді  Айгүл Ешмағамбетова «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында. 

Заңгердің сөзінше, БАҚ туралы заңнамаға өзгеріс енгізбей тұрып, алдымен блогерліктің қызметін нақтылап алу қажет.

Белгілі бір заңнаманы қабылдамай тұрып, «блог» және «блогер» деген кім?», «ол қандай жұмыс істейді?», «қарапайым әлеуметтік желі қолданушыларынан қандай айырмашылығы бар?» деген сұрақтарды заң жүзінде нақтылап алу керек. Қазір қазақстандықтар кез келген уақытта өзінің әлеуметтік желісінде өз жаңалығын бөлісе береді. Сол себепті, блогерлерге қатысты заң қабылдау керек пе, әлде қажет емес пе деген мәселені зерттегеннен кейін заңға толықтыру немесе түзетулер енгізуге болады. Жауапкершіліктен бұрын, блогерге тиісті анықтама беріп, аражігін ажыратып алу маңызды, - дейді ол.

Барлық жаңалықтар