00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

"Жұмақты сатқысы келеді": Белгілі журналист мешіт салатындарды сынап тастады

09.01.2024 | 07:00
64
Коллаж: Елтай Нұрғазин

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы дінді апиын секілді сіңіріп алған қараңғы надандар көбейіп кеткенін айтып, шаласауатты дүмшелерді сынап тастады, деп жазды Elorda.info. 

Журналист өз ойын Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

Біздің шаласауатты дүмшелер жұмақты да сатқысы келеді, сатып алғысы келеді... Ал мешіттер, халықтың көзі ашылып кетсе, табысымыздан айырыламыз деп қорқады... Құран да бизнес, жаназа да бизнес... Осы бар ғой, мешіт салғыштардың бәрі өздерін Осман империясының сұлтандары мен пашаларындай сезінеді ғой деймін. Атасының атына мешіт салады, анасының атына мешіт салады, баласының атына мешіт салады, - деді ол.

 Ол өз жазбасында Осман империясының мешіт салу тарихын үлгі еткен. 

Османдықтардың қаптаған мешітін түсінуге де, қабылдауға да, құрметтеуге де болады, өйткені олар бәлен мыңжылдық Византия империясын, Селжұқ империясын құлатып, католикшілдермен де, православ христиандармен де "Алла үшін, Мұхаммед пайғамбар үшін" деп соғысты. Византия, селжұқ жерлерін жаулап алып, мұсылман мемлекетін құру үшін жүз жыл жанталасты, кәпірлердің жерін мұсылмандардың мекеніне айналдыру үшін сұлтандар мен уәзірлердің мешіт салуы әрі символға, әрі дәстүрге айналды... - дейді Сәуле Әбілдаханқызы.

Оның пікірінше, мұсылмандықты қабылдап, шариғатқа мойын бұрған аталарымыз жарысып, мешіт салмаған. 

Ал біздікілер ше? Қазақ осы кең байтақ жерін "кәпірлерден" тартып алып, ислам мемлекетін құрып па еді? Шіркеулерге ту тігіп, мешітке айналдырып па еді? Қазақ о бастан, атам заманнан осы жердің иесі емес пе еді? Мұсылмандықты қабылдап, шариғатқа мойын бұрғанда да аталарымыз жарысып, қаптатып мешіт салып па еді? Олар үшін мешіттің өзі - екінің бірі қолы жете бермейтін, екінің бірі сала салмайтын қасиетті орын емес пе еді?

Құран түгіл, бес кітап оқымаса да, бес уақыт тоңқайғанның бәрі мешіт салғыш болып алды... Османдықтар 600 жылда салған мешітті біздің қазақ 30 жылда салып тастады... Бәрің Сүлейман сұлтан, Ахмет сұлтан шығарсыңдар... - дейді журналист.

 О. СӘНДІБЕК

Барлық жаңалықтар