00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жаңа заң азаматтық қоғамды дамытуға үлкен серпін береді – сенатор

03.10.2023 | 10:00
93
Фото: ашық дереккөз

Күні кеше Президент қол қойған “Қоғамдық бақылау туралы” Заңға қатысты, ҚР Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде осындай пікір қалдырды, деп хабарлады Elorda.info

Кеше Мемлекет басшысы қол қойған “Қоғамдық бақылау туралы” Заң - азаматтық қоғамды дамыту жолында маңызды қадам болды. 

Елімізде қоғамдық бақылаудың күшейуі және петициялар институтының енгізілуі баршаға тең мүмкіндік беретін азаматтық қоғамды дамытуға үлкен серпін берері анық. 

Бұл заң жобасы таяуда Парламенттің қос палатасында азаматтық қоғам өкілдерінің де белсене қатысуымен қызу талқылаудан өткені белгілі. Сондықтан заң жобасын әзірлеуге және оны жетілдіруге атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамын, - деп жазды Сенатор. 

Сондай- ақ ол осы жазбасында Мемлекет басшысы өткізген заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі кеңеске қатысты да ойын айтты.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысы  кеше заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөнінде кеңес өткізді. Ат төбеліндей азшылықтың аузында кетіп, заңсыз шетел асқан активтерді қайтару ісі де елімізде заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру және инклюзивті қоғам орнату жолында маңызды қадам деп ойлаймын, - деді Д. Қыдырәлі. 

Барлық жаңалықтар