00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Zhas Project: Астаналық жастарға шағын грант бөлінеді

20.02.2024 | 02:49
42
Фото: дереккөз

Астанада NEET Zhas Project санатындағы жастарды қолдау жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. 

Жоба жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне жұмылдыруға және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге арналған.

Zhas Project Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылып жатыр. 2022 жылы ол Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылды. Биыл республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда жүзеге асады.

Zhas Project негізгі мақсаттары:

- NEET санатындағы жастарды, жастардың осал топтарын дамыту үшін жағдай жасау;

- Жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен жастардыңмаңызға ие идеялары мен жобаларын қолдау;

- Қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша жаңа білім мен дағдыларға үйрету.

Жоба арқылы NEET санатындағы жастар өз идеяларын жүзеге асыруға, қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік алады. Жастардан өтінімдерді қабылдау 25 наурыздан бастап 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурс шеңберінде Астана бойынша 20 жеңімпаз анықталады, шағын грант сомасы – 1 000 000 теңгеге дейін. Қатысу үшін сайтта тіркелу қажет. Конкурс туралы ережеге сәйкес қажетті құжаттарды – жеке куәліктің көшірмесін, электрондық үкіметтің жеке кабинетінен ЭЦҚ арқылы облыс/өңір аумағында тіркелгенін растауды, қатысушының осал мәртебесін растайтын құжаттарды толтыру және бекіту, - деп түсіндірді А.Битебаева.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер көрсетілген барлық критерийге сай болуы тиіс:

1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

2) өтінім берген кезде өтініш берушінің жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы тиіс;

3) өтінім беруші өтінім берген сәтте өңірдің аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс;

4) өтінім беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақты жұмыспен қамтылмаған (жұмыспен қамту саласынан тыс) мәртебесінде болуы тиіс.

Байқауға қатысу үшін бір ғана әлеуметтік жобаны ұсынуға болады. 2023 жылы «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде шағын грант алғандар қатыса алмайды.

Өтінімдерді конкурстық іріктеу 2 кезеңнен тұрады:

техникалық (өтінімдер мен құжаттаманың іріктеу ережелеріне сәйкестігін тексеруді білдіреді);

конкурстық комиссияның отырысы (Комиссия құрамына КЕҰ, бизнес, білім беру мекемелерінің өкілдері кіреді).

Барлық жаңалықтар