00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Күміс жас» жобасы арқылы 10 мыңға жуық астаналық жұмысқа орналасты

26.04.2024 | 10:41
89
 Биыл елордада «Күміс жас» жобасымен мыңнан аса адам жұмысқа орналасады
фото: Оңалхан Өнерхан, Elorda.info

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде «Күміс жас» жобасымен 9,9 мың адам жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін тағы 19 мың адамды еңбекпен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Көптеген қазақстандық жобаға қатысу туралы оң пікірде.

Елордалық Гүлмаржан Наурызалиева 59 жасында мамандығы бойынша аталған жоба аясына жұмыс тапты. Қазір ол «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында»  бас бухгалтер болып жұмыс істейді.

«Өткен жылы жұмыс іздеп Астана қаласының мансап орталығына жүгіндім. Алдымен жұмыссыз адам ретінде тіркелдім, содан кейін маған сәйкес жұмыс орнын таңдау басталды. «Күміс жас» жобасы бойынша «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында» берілген бағыт бойынша әңгімелесуден өтіп, бас бухгалтер болып жұмысқа тұрдым», – деді Г. Наурызалиева.

Оның айтуынша, «Күміс жас» жобасы өзін қажетті және сұранысқа ие маман ретінде сезінуге мүмкіндік берген.

Елордада биыл «Күміс жас» жобасы бойынша мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар