00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада көлік картасына арналған RTVM-автоматтар жойылады

29.03.2024 | 12:27
Елорда ақпарат
162
Елордада көлік картасына арналған RTVM-автоматтар біртіндеп жойылады
Фото: дереккөз

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Компания мәліметінше, RTVM-автоматтарды демонтаждау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қала бойынша барлығы 30 RTVM-автоматы бар.

30 наурызда төмендегі мекен жайларда орналасқан 6 RTVM-автомат жойылады:

- «Северный» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 9;

- «Сұңқар» СҮ, Республика даңғылы, 26;

- «Орбита» СҮ, Петров көшесі, 1;

- «Магнум» СО, Еділ көшесі, 21;

- Ғабит Мүсiрепов көшесі, 9 Б;

- «Магнум» СО, Уәлиханов көшесі, 20.

Айта кетейік, осыған дейін «Аймақ Тау» CҮ-де орналасқан 2 RTVM-автомат өшірілген.

Қалған RTVM-автоматтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың жойылуы туралы қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бүгінде Астанада енгізіліп жатқан жаңа электронды төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін қашықтан және жылдам толықтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жақында көлік картасын толтырудың жаңа әдісі енгізіледі.

Барлық жаңалықтар