00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Тұрғын үйдің кіреберісінде 3 балаға күш көрсеткен ер адам ұсталды

05.02.2024 | 04:24
23
Фото: дереккөзден

Оқиға 4 ақпан күні болған. Белгісіз ер адам аталған тұрғын үй кешенінің кіреберісінде тұрған 3 балаға күш көрсеткен. Бейнебақылау камерасындағы жазбаға қарағанда, күдікті балалардың бірін жұдырықтап, екіншісін аяғымен теуіп, енді бірін тамағынан қылқындырған. 

Астана қаласы Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«Байқоңыр ауданы полиция басқармасы аталған тұрғын үйде тұратын 30 жастағы ер адамды ұстады. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп көрсетті Полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар