00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сығанақ көшесінде жол қозғалысы шектелді

29.08.2023 | 05:30
41

LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Осыған байланысты, 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі «Номад» ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

Барлық жаңалықтар