00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сарыарқа ауданының белсенді тұрғындарына құрмет көрсетілді

28.12.2023 | 03:00
73
Фото: saryarqa.audany/Instagram

Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы белсенді тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтап, ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Өздеріңіз білетіндей биыл көптеген жобаларды біріге іске асырдық. Оның ішінде аулаларды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктер құру, көгалдандыру сынды жұмыстар бар. Келіп жеткен 2024 жылы да тарихы тереңде жатқан ауданымызды дамыту жолында талай жұмыстар атқаратынымызға сенімдімін. Сіздердің қолдауларыңыз аудан әкімдігі, біз үшін өте маңызды. Сарыарқа ауданының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын!

Сіздердің бастамаларыңыз ауданның инфрақұрылымын жақсартуға, жаңа қоғамдық орындар құруға және жүйелі проблемаларды шешуге орасан зор үлес қосуда. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы өмір, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Келе жатқан ұлу жылы бастамаларыңызға жол ашып, мол табыстар алып келсін, жетістіктерге толы болсын, - деді Бауыржан Ералы.

7.jpg

Айта кетейік, барлығы 50 тұрғын марапатталды. Олардың басым бөлігі аудан өміріне және аппарат жұмысына 5 жылдан астам уақыт қатысып келеді.

Барлық жаңалықтар