00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сарыарқа ауданында толықтай жаңартылған бірқатар ойын ауласы ашылды

01.06.2023 | 20:09
37
фото: Cұлтан Сейіт

 Елорданың Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бес мекенжай бойынша қайтадан жаңартылған аулалар ашылды. «Сапа 2007» тұрғын үй кешенінің ауласына жиналған балалар аниматорлар ұйымдастырған ойындарға қатысып, тәтті сыйлықтарға ие болды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Бұл жоба тұрғындарға абаттандыруға бөлінген қаражатты игеруге қатысуға мүмкіндік береді. Биыл Сарыарқа ауданында жоба бойынша 15 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Аудан әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы Бағжан Сәбденовтың сөзінше, аулалардан бөлек қосымша 12 мекенжай бойынша ойын алаңдары жаңартылмақ.

2019 жылдан бастап «Сарыарқа» ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардың 54 бастамасы іске асырылды. Былтыр  ауданда 45 аула жаңартылды, оның 23-і тұрғындардың елорда бюджетіне қатысуы аясында толықтай жөнделді. Бағдарламаға қатысу үшін астаналықтар ауланы немесе қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарын дайындап, аудан аппаратының сайтына жүктеуі қажет. Содан кейін жоба сараптамалық кеңестің тексеруінен өтеді және мақұлданған жағдайда дауыс беруге ұсынылады. Ең көп дауыс жинаған жобалар жазғы маусымның соңына дейін жүзеге асырылады,-дейді бас маман Бағжан Сәбденов.

WhatsApp Image 2023-06-01 at 17.25.28.jpeg

«Сапа 2007» тұрғын үй кешенінің техник маманы Гүлжан Хапарқызы балалар ойын алаңы 13 жылдан кейін жаңартылып отырғанын айтып өтті. 

WhatsApp Image 2023-06-01 at 17.25.24.jpeg

WhatsApp Image 2023-06-01 at 17.25.29.jpeg

Бүгін біздің аулада кішігірім той болып жатыр. Биыл тұрғындармен бірлесіп Сарыарқа ауданы әкімдігіне  13 жылдан кейін ауланы жаңарту бойынша өтініш жасадық. Әкімдікке көп рахмет. Балалар күні мерекесінде біздің ауланың балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады.  Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірлесіп, балаларға тәтті дастархан ұйымдастырды. Осы жерде орналасқан дүкен иелері де тегін балмұздақ және тәттілер таратып жатыр. Барлық іске ат салысқан жандарға алғысымды білдіремін,- деді Гүлжан Хапарқызы.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар