00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сарыарқа ауданында отбасылар арасында спорттық жарыс өтті (ФОТО)

27.05.2023 | 13:33
49
Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda.info

Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Сарыарқа ауданының теміржол қызметкерлері арасында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!» спартакиадасы өтті, деп хабарлады Elorda.info

ст1.jpg

Іс-шараға «Қамқор Локомотив» ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев, «Қамқор Магистраль» кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Байқадамова және Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Аяулым Қанатқызы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.  

ст2.jpg

Сондай-ақ олар балалар еліміздің жарқын болашағы екенін, әрдайым оларға қамқорлық таныту қажет екенін еске салды.

ст3.jpg

Оқи отырыңыз: Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

ст4.jpg

Астана локомотив жөндеу депосының жұмыскерлері 6 командаға бөлініп, көңілді сайысқа 7-9 жас аралығындағы балаларымен қатысты. Берілген тапсырмаларды орындап, көңілді және тартысты ойын көрсетті.

ст5.jpg

Сондай-ақ «Ең тапқыр отбасы», «Ынтымақты отбасы», «Креативті отбасы», «Мықты отбасы», «Мерейлі отбасы» номинациясылары бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

ст7.jpg

Барлық жаңалықтар