00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сарыарқа ауданында 600-ден астам маңдайша ауыстырылады

16.05.2023 | 16:30
32

Сарыарқа ауданы бойынша биыл 600 ескі аншлагты ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, жақында Бейбарыс Сұлтан және Б. Соқпақбаев атауларын алған көшелерде жаңа маңдайшалар пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда, 187 жобалық көшесінің атауы жазушы, әйгілі «Менің атым Қожа» шығармасының авторы Бердібек Соқпақбаевтың құрметіне өзгертілді.

Ал бұрынғы 189-шы көшесі Мысыр сұлтанының есімімен аталады. Бұл ұзындығы 2 шақырымнан асатын алты жолақты көше.

Еске сала кетейік, аншлагтардағы көше атауы қазақ тілінде жазылады, ал қажет болған жағдайда көше сөзі үш тілде жазылады: «көшесі», «улица», «street». Көше атауларындағы тарихи, дәстүрлі атаулар мен тұлғалардың есімдері басқа тілдерге аударылмайды, мемлекеттік тілде жазылады.

Барлық жаңалықтар