00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сарыарқа ауданын абаттандыру бойынша 71 өтініш түскен

12.03.2024 | 04:48
46
Фото: дереккөз

Тұрғындар ұсыныстарының басым бөлігі балалар мен спорт алаңдарын салуға немесе жөндеуге қатысты. Оның ішінде: қоғамдық алаңдар, орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер орнату; аумақты көгалдандыру, сондай-ақ тротуарларды салу және жөндеу.

Қала тұрғындарының барлық жобалық ұсыныстары сараптамалық кеңесте қаралады. Сараптау комиссияларының бағалау нәтижелері бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережелері мен шарттарына сәйкес келетін жобаларға дауыс беру кезеңіне жіберіледі. Ең үздік жобаларға онлайн дауыс беру 26 наурыз бен 24 сәуір аралығында аудандық аппараттың ресми сайтында өтеді. Тұрғындардан ең көп дауыс жинаған өтінімдер жүзеге асырылады. 

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанда алғаш рет «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасын іске асыруды бастады. Оның мақсаты – тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарын дамыту және абаттандыру. Соңғы 4 жылда аудан бойынша 69 тұрғынның бастамасы іске асырылып, аула аумақтары толықтай күрделі жөндеуден өтті.

Барлық жаңалықтар