00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Президент елордада үлескерлері бар үйлердің құрылысын аяқтауды тапсырды

11.07.2023 | 14:35
25
фото: egemen.kz

Бұл туралы Президент Елорданы дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгінде Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Бұл – өткір мәселе. Оны шешу үшін батыл қадамдар жасау қажет. Қазір бұл бағытта атқарылып жақтан жұмыстар жеткіліксіз. Биыл үлескерлері бар 16 үйдің құрылысын аяқтау керек. Жыл соңына дейін бұл мәселе толық шешімін табуға тиіс. Осындай құрылыстардың қайта пайда болуына жол бермеу қажет,- деді Президент.
 

photo_2023-07-11_13-26-26.jpg

Мемлекет басшысы өз сөзінде, апатты жағдайдағы баспаналарды сүріп тастап, орнына жаңа үйлер салу қажеттігін айтты. 

Мен қаңтардағы жиында ескі және апатты жағдайдағы үйлерге қатысты кеңірек тоқталдым. Елорданың тұрғын үй қоры ескіріп барады. Бұл – әсіресе, шеткері орналасқан жеке секторға қатысты мәселе. Көптеген азамат апатты жағдайдағы баспанада тұрып жатыр. Мұндай ғимараттарды сүріп тастап, орнына жаңа үйлер салу қажет. Бұл – өте ауқымды жұмыс. Бастапқы кезеңде бұл жұмысқа мемлекет атсалысуы қажет. Шетелде мұндай тәсіл кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, бұл іске міндетті түрде бизнесті тарту керек. Тұрғын үй қорын жаңартудың басқа жолы жоқ,- деді Тоқаев.

Барлық жаңалықтар