00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Пәтерлерін жылдар бойы күтіп жүрген жандар бар»: Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті

11.05.2023 | 11:30
34

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралады, деп хабарлады Elorda.info

Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар.

346271489_197721159821411_8127844083377653607_n.jpg

346269995_930044218297909_7853425169939267858_n.jpg

Кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып барады, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз.

Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар, - деді елорда әкімі.

346062683_566811485540128_6005780816025428038_n.jpg

Барлық жаңалықтар