00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Қош келдің, Cargolux!»: Жүк тасымалдайтын ірі компания Астана әуежайымен ынтымақтастықты бастады

01.05.2023 | 13:07
40
Фото: дереккөз

Жүк әуе тасымалдарының әлемдік нарығының үздігі Cargolux Астана әуежайымен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлады Elorda.info Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бүгін Сargolux жүк әуекомпаниясы өзінің алғашқы рейсін орындады.

вцц1.jpg

Болашақта Люксембургтен Қытай, Жапония және Тайвань қалаларына аптасына 10-нан астам рейс жоспарланған.

Астанада ұзақ уақыт бойы тұрақты жүк рейстері болмады, Сargolux әуе компаниясы жаңа мүмкіндіктерді қарастырып, Еуропа мен Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы жүк ағынын дамыту үшін Астана қаласын таңдады.

вцц2.jpg

Елордалық әуежайдың географиялық орналасуы өте жақсы, сонымен қатар Қазақстандағы ең үздік инфрақұрылымы бар әуежай болып есептеледі. Әуежай 2020 жылы өз бизнесін әртараптандырды, жүк транзиттік әуе компанияларын тартудың ең жақсы шарттарын ойластырды, сондықтан әлемдегі ең тарихи және ең танымал тасымалдаушылардың бірімен серіктес бола алды. Қош келдің, Cargolux! - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар