00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Мамырдан бастап елорда әуежайында ұшып-қонуға шектеу қойылады

31.01.2024 | 07:32
31
Фото: дереккөзден

Астана қаласының әуежайын толық жаңғыртуға байланысты  дайындық жалғасуда. Оның шеңберінде Көлік министрлігі елорда әуежайы басшылығымен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді.

Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздықтардың салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды, - деді елорда әуежайының баспасөз қызметі. 

Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуе айлағында ұшақтардың ұшып-қонуына шектеу қойылады.

Бұл іс-шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейді. 

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген және сенімгерлік басқару кезеңінде инвесторға  ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу жүктелген болатын.  Осы ірі жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бірінші кезекте әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдау үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әуе айлағы жабындарының сапалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған, - делінген хабарламада. 

 Рейстер кестесіне өзгерістер енуі мүмкін. Сондықтан жолаушылар әуе компаниялары мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінен рейстің ұшу-қону уақытын нақтылауы қажет. 

Барлық жаңалықтар