00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мәслихат елорданы жайлы әрі қауіпсіз етуге басымдық береді

21.08.2023 | 07:30
61
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info     

Ол халық үшін қолайлы орта құру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Биыл өткен Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау Мемлекет басшысы айтқан саяси және конституциялық реформалардың қисынды қорытындысы болды. Осы өзгерістердің барлығы мәслихаттардың өздерін қалыптастыру процесін жаңартты деуге толық негіз бар. Егер бұрын кандидаттар тек партиялық тізімдер бойынша таңдалса, енді бір мандатты округтер бойынша сайланады,- дейді Ерлан Каналимов.

Қазір елорданың мәслихатында «AMANAT», «Ақ жол», «Байтақ» және «Қазақстан Халық партиясынан»  34 депутат бар. 

Мәслихат төрағасының айтуынша, тұрғындармен кездесулерде негізінен коммуналдық-тұрмыстық мәселелер айтылады: қоғамдық көлік жұмысы, абаттандыру, көгалдандыру, қоқыс шығару.

Мәслихат депутаттары аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлерді газдандыруға материалдық көмек мөлшерін - 130 АЕК-ке бекітті. Көптеген отбасылар бұл көмекке қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, қажетті құжаттар тізімі қысқартылды.

Елордалық полиция білікті кадрлардың, атап айтқанда, учаскелік, мектеп және кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлардың тапшылығын сезінуде. Пункттер мен стационарлық модульдік бекеттерді ашу қажет.

ТЖ департаментінің материалдық-техникалық базасын және жеке құрамын әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өрт сөндіру деполары салынуда, қажетті жабдықтар сатып алынуда, әлеуметтік мәселелер шешілуде: құтқарушылардың балалары лагерьлерге жіберіліп, отбасыларға пәтер сатып алуға сертификаттар бөлінуде.

Мәслихат төрағасы мектептер мен студенттік жатақханалардың құрылысына жеке тоқталды.

«AMANAT» партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасы аясында Астанада 2027 жылға дейін 53 мектеп салуды көздейді, - деді Е. Каналимов.- Олардың 11-і биыл салынады. Әлеуметтік нысандардың қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың барлық аудандарында орналасатын болады. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 89 мың орындық 24 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда,-деді спикер..

Оның айтуынша, биыл елорданың барлық мемлекеттік мектептерінің бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 5-11 сынып оқушылары мектеп асханаларында жеңілдік негізінде тамақтануды жалғастыруда.

Өткен жылы «Менеджмент, бизнес және білім колледжі» студенттеріне арналған жатақхана ашылды. Жақында Политехникалық колледжінің студенттерінде заманауи шеберханалары бар жатақхана болады.

Депутаттық корпустың күш-жігерінің басым бөлігі елордада 16 тұрғын үй алаптарының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды жақсартуға бағытталған. Ағымдағы жылы «Үркер» тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда ХҚКО, полиция пункті, қарттарға арналған қызығушылық клубы, балаларға арналған қысқа мерзімді бөлмелері және т.б. қарастырылған.

Үлестік құрылыс мәселесі елорда әкімі мен мәслихаттың тұрақты бақылауында. 2019 жылы Астанада 150-ге жуық проблемалы тұрғын үй болған. Осы жылдың басында құрылыс кезеңінде 32 үй болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы 16 нысанның құрылысы аяқталған соң, алты нысанда 1500-ге жуық үлескер өз пәтерлерінің кілтін алады, - деді елордалық мәслихат төрағасы.

2 600 үлескерге ағымдағы жылдың соңына дейін пәтер кілті тапсырылады. 

Айта кету керек, Астана мәслихаты алғаш рет елорда басқармалары мен әкімдіктерінің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруға қатыса бастады. Депутаттардың өздері қаржы ағындарын бөлудің басымдығын анықтайды. 

Мәслихат өкілдері істердің нақты көрінісін бағалау және бюджет шығыстарын нақтылау үшін аптасына бірнеше рет кәсіпорындарға барады.

Барлық жаңалықтар