00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Мәслихат депутаттары Полиция департаментіне барды

07.02.2024 | 04:32
38
Фото: дереккөз

Аралау барысында халық қалаулыларын департамент бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев қарсы алды. Астана қаласы Полиция департаменті өткен жылдың соңынан бастап Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайына көшірілген болатын. 

Ведомство басшысы халық қалаулыларына фронт-офис немесе азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі орналасқан екі қабатты ғимаратты көрсетті. Жайлы ғимаратта азаматтарды қабылдауға арналған бөлме, медиация кабинеті, күту залы, ақпараттық орталық орналасқан.   

Кездесу барысында депутаттар департаменттің негізгі ғимаратын аралап көрді. 

Депутаттар полицейлердің еңбек жағдайларын жақсартуды жалғастыру қажеттігін айтты. Тәртіп сақшылары елорда аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Кездесу соңында олар елордада қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері қолайлы жағдайда жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ депутаттар Жедел басқару орталығына барды. 

Жедел басқару орталығының қызметі – қылмыстарды тіркеу және ашу механизміне түбегейлі жаңа көзқарасқа негізделген. Елордалық полиция департаменті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа цифрлық технологияларды енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. 

Барлық жаңалықтар