00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Көктал-2» елді мекенінде жаңа мектеп салынады

02.08.2023 | 15:40
46
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Көктал-2» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қала тұрғындары инженерлік желілер, газдандыру, камералар, бағдаршамдар орнату, маршруттарды іске қосу, тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік нысандарды жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді. 

Әкімнің айтуынша, «Көктал-2» елді мекенінде оқушы орындарының санын арттыру үшін 2 мың орынға арналған жайлы мектептің (Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы) құрылысы басталды. Ол келесі жылы тапсырылады.  

Сарыарқа ауданы да елді мекен сияқты газдандырылған. Бірақ жекелеген тұстары да жоқ емес. Олар бойынша жауапты басқарма тиісті мерзімдерін белгілейді. Сондай-ақ кейбір инженерлік инфрақұрылым желілерін коммуналдық қызметтердің балансына беру ісінде проблемалар бар. 

Бейнебақылау камералары бойынша да мәселелер көтерілді. Биыл қалада мыңға жуық камера орнатуды жоспарлап отырмыз, оның 300-ін Сарыарқа ауданына, 100-ін «Көктал-1» және «Көктал-2» елді мекендеріне орнатамыз. Бүгінгі кездесуде тұрғындар Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) желісі бойынша салынған тұрғын үй кешендері жөнінде бірнеше сұрақ қойды. Кемшіліктерді бірге жоямыз. Кездесуде көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз, - деді Ж.Қасымбек.

Барлық жаңалықтар