00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Халық қатысатын бюджет-2024»: Сарыарқа ауданында өтініш қабылдау басталды

20.02.2024 | 04:24
59
Фото: gov.kz

10 наурызға дейін қала тұрғындары аудан әкімдігінің ресми сайты арқылы өз аулаларын абаттандыру бойынша жобалық ұсыныстар бере алады. Жобаның өлшемдері мен талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ дауыс беру кезеңінде Сарыарқа ауданы тұрғындарының ең көп дауысын алған идеялар мен бастамаларды әкімдік осы жылы іске асырады.

Ол үшін өтінімді (жобалық ұсыныстың атауы, оның сипаттамасы, мекенжайы/орналасуы), жобалық ұсыныстың болжамды фотосуретін/ схемасын және сметасын (интернеттен немесе кез келген басқа ашық көздерден болжамды есептеулерге жол беріледі) қосу қажет.

«Халық қатысатын бюджет» бойынша сұрақтарға Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратынан жауап алуға болады. Сондай-ақ  8 707 787 36 77 нөміріне хабарласа алады. 

Барлық жаңалықтар