00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Есіл ауданында инклюзивті аула клубы ашылды

24.10.2023 | 11:12
40
Фото: Оңалхан Өнерхан

Республиуа күніне орай Астананың Есіл ауданында “Әртүрлі - тең” атты инклюзивті аула клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін дойбы және шахмат бойынша үйірмелер бар. Алдағы уақытта емдік дене шынықтыру кабинетін ашу, йога, дартс сабақтарын өткізу, бейнелеу өнері, домбыра ойнау, робототехника бойынша үйірмелер ашу жоспарланып отыр.

шашу.jpg

Балалар-әр мемлекеттің болашағы, ал бүгін республика күні қарсаңында біз "Есіл" ауданында төртінші аула клубын ашып жатырмыз. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көп көңіл бөлеміз және әрқашан осындай бастамаларды қолдаймыз, - деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев. 

акимм сеил.jpg

Сондай-ақ іс-шараға Республика партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Игорь Копайлов және балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Бүгінде Парламент Мәжілісіндегі партиялық фракция балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты мәселелерді көтеруде. Мұндай клубтар балаларымыздың балалық шағын бақытты етуге көмектеседі, - деді Игорь Копайлов. 

есил тогыз.jpg

Бұл іс-шараға елордалық тұрғын Сәния Мейрман мектеп жасындағы баласымен келді. 

Ауламызда осындай клубтың ашылғанына қуаныштымын. Балаларымыз бос уақытын пайдалы өткізетін болады.  Ұлым әсіресе шахматқа қызығушылық танытты. Осындай клубты ашқан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - деді қала тұрғыны. 

шахмат.jpg

Айта кетейік, қазіргі таңда Есіл ауданының аумағында барлығы 3 аула клубы жұмыс істейді. Олардың екеуі – Пригородный және Заречное тұрғын алаптарында орналасқан. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 4 орталық бар.

Сабина Кәкімжан

Барлық жаңалықтар