00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық жастар экоакция ұйымдастырды

19.03.2024 | 09:20
35
Фото: Elorda.info

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлары бастама көтеріп, басқа да жастар ұйымдары қолдаған бұл акцияға 50 шақты белсенді атсалысты.  

курекк.jpg

Биылдан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мерекесі 10 күн бойы тойлануда. Наурызнамаға сәйкес, елордалық жастар экоакциялар ұйымдастыруда. Өздеріңіз білесіздер, Астанаға көктем кеш келетіндіктен, әлі де қар тазалау мәселесі өзекті. Сондықтан Жаңару күні жастар  қаладағы үлкен аулаларда болып жатқан акцияларға атсалысуда. Барлық ел жастарын осындай экомәдениетті қалыптастыруға шақырамыз, - деді «Қазақстан студенттер Альянсының» төрағасы Ұлан Наукен. 

куреккк.jpg

Белсенді жастар акция бұдан кейін де жалғасын табатынын, саябақтарға көшеттер отырғызу, тарихи орындарға тазалық жұмыстары жүргізілетінін айтты. 

Наурызнамадағы әр күннің маңызы бар. Бүгін – Жаңару күні. Жастар әуелден жаңарудың жаршысы болғандықтан, біз бүгін табиғатпен бірге қаламыз да жаңарсын деген ниетпен үлкен саябақтардың қарын аршып, тазартуға күш салып жатырмыз. Осындай игі іске барлық қазақстандықтар да атсалысса, Ұлыстың ұлы күніне дейін нағыз көктем мерекесін сезінетін боламыз, - деді «Қазақстан студенттер Альянсы» төрағасының орынбасары Сағындық Сейіткәрім.

Барлық жаңалықтар