00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық полицейлер есірткі тасымалдаған жүргізушіні қолға түсірді

04.03.2024 | 04:13
34
Фото: дереккөзден

«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бөгенбай батыр даңғылы мен Күмісбеков көшесінің қиылысында тәртіп сақшылары «КИА РИО» автокөлігін тоқтатқан. Полицейлер көлікті тінту кезінде 52 қаптамадағы синтетикалық «Мефедрон» есірткі заты мен 15 қаптама «Марихуана» есірткі затын тапқан.

Жүргізуші телеграмм-каналдардың бірінен марихуана сатып алғанын айтқан. 

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың үстінен есірткі заттарын өткізу мақсатында сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полицияның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деді елордалық полиция.

Барлық жаңалықтар