00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық колледжде инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

20.11.2023 | 07:00
53
фото: Василий Крась

Халықаралық «Дүниежүзілік балалар күні» мерекесіне орай «Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінде» инклюзивті қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ашылу салтанатына Білім басқармасының  басшысы Қасымхан Сенғазиев, қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнара Балахметов және колледж студенттері қатысты. Басқарма басшысы Қасымхан Сенғазиевтің сөзінше, елорда бойынша 200-ге жуық колледж студенті инклюзия бойынша кәсіптік білім алады. 

Кәсіптік білім беру саласында қаламызда алғаш рет инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Қалада бұған дейін тек мектептер мен балабақшаларда ғана мұндай кабинттер ашылды. Біздің мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі балалар мен ерекші қажеттілігі бар балалардың мектептен кейін әріқарай кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасау. Былтырдан бастап қалалық колледждерде 100 жуық бала мамандық таңдап, оқуға түсті. Олар аудармашы, дизайнер, программист сияқты нарыққа қажетті мамандықтарды таңдады.  Жалпы қаламызда инклюзия бойынша оқып жатқан 200-ге жуық колледж студенттері бар. Алдағы уақытта Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінің тәжірибесі қарай  басқа да колледжерде ашу жоспарланып отыр. Ал бұл бағытта білім беретін педагогтер де назардан тыс қалмайды. Қаламызда жыл сайын 500 астам педагог мамандандырылған орталықта инклюзия бойынша біліктілігін арттырады,- дейді  Қасымхан Сенғазиев.

WhatsApp Image 2023-11-20 at 11.44.36.jpeg

Бүгінгі таңда колледжде ерекше білім беруді қажет ететін 98 студент білім алып жатыр. Аталған колледж директоры Гуль Жанаеваның айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар студенттердің оқу процесін жақсарту үшін техникалық және әлеуметтік жағдайлар жасалған. 

WhatsApp Image 2023-11-20 at 11.44.36 (1).jpeg

Біздің колледж 2003 жылдан бастап кәсіптік білім беріп келеді. Құрылтайшыны ауыстырғаннан кейін біз ребрендинг жасадық. Бұл біз жүзеге асыратын халықаралық бағдарламаларға байланысты болды. Екінші жыл қатарынан біз ерекше қажеттілікті балаларды оқытуға қабылдадық. Аурулардың ауқымы өте кең. Жалғыз шарт-психикалық бұзылулардың болмауы. Біз 10 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаймыз. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау колледждің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Оқыту сапасын арттыру мақсатында колледж оқытушылары Инклюзивті білім беру бойынша білімдерін  арттыру курстарынан өтті, соның ішінде шетелдік серіктестердің тәжірибесін зерделеуде,- дейді колледж директоры. 

WhatsApp Image 2023-11-20 at 11.44.36 (3).jpeg

Колледжге кіре берісте пандустар мен тұтқалар орнатылып дәретхана дүңгіршектері кеңейтілді, кіреберіс есіктеріне дабылдар қойылып тактильді жол орнатылды. Сондай-ақ автотұрақтағы колледж дәліздерінде инвотаксиді қоюға арналған орындар, ерекше білім қажет ететін студенттерді тасымалдау үшін инвотакси  жұмысы жолға қойылған. 

Барлық жаңалықтар