00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық автобустарда жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

12.02.2024 | 09:22
48

Жаңа төлем жүйесіне өтуге байланысты QR, көліктік карта, Bluetooth төлем түрлеріне NFC және банк картасымен төлеу мүмкіндігі қосылды.

Автобустағы жол ақысын банк картасымен немесе NFC технологиясын қолдайтын ұялы телефон, қол сағаты, білезік және т.б. құралдармен төлеуге болады, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС-іне хабарламасында.

Жаңа опцияларды пайдалану үшін автобус салонындағы планшетке банк картасын немесе NFC құрылғысын тигізіп, төлемнің сәтті өткені туралы белгіні күту керек. Төлемді Visa және Mastercard банк карталарының барлық түрлерімен жасауға болады. Бұдан бөлек, жолаушылар жолақысын Google Pay, Apple Pay және Samsung Pay смарт-технологиялар арқылы төлей алады.

Айта кету керек, банк картасымен төлем жасау тесттік режимде қолжетімді болған еді. Қаңтар айында аталған тәсілмен 87 мың рет жолақы төленген.

Барлық жаңалықтар