00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада өзге қалалардың мәслихат депутаттары бас қосты

20.10.2023 | 09:30
35
Фото: дереккөз

Астана қалалық мәслихатында Республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары арасында тәжірибе алмасу өтті, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Faceebok әлеуметтік парақшасында жазды.

Бір күн бойы елордамыз облыстық және Республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды.  Депутаттық корпустың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы туралы білімдерімен бөлістік. Мысал ретінде, денсаулық сақтау, полиция және ТЖ қызметі салаларын дамытудың бірлескен кешенді жоспарларын, сондай-ақ қарт азаматтарды қолдауды көздейтін «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасын келтірдім,-деп жазды Е. Каналимов. 

каналим.jpg

Ол сонымен қатар, өзге қалалардан келген әріптестеріне елордадағы бірқатар цифрлық жобалар жұмысымен таныстырғанын жеткізді. 

каналим 1.jpg

Күн сайын 700-ге жуық баланы қабылдайтын «Sana» даму орталығында болып, әріптестеріме мәслихаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі, iKomek 109 орталығының жұмысын, сондай-ақ бірқатар цифрлық қызметтердің қалай жұмыс істейтінін көрсеттік. Бүгінгі кездесу аясында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевтің философ-мәдениеттанушы, политехнолог Абылайхан Калназаровпен бірлесіп жазған «Мәслихат депутаты қандай болуы керек?» деген кітаптың тұсаукесері өтті,- деді елорда мәслихатының төрағасы.

Барлық жаңалықтар