00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада тағы үш көше жөндеу жұмысына жабылды

26.07.2023 | 06:00
23
Фото: Сұлтан Сейіт

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ш.Құдайбердіұлы, Қараменді би Шақаұлы және Ақыртас көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жөндеу жұмысына байланысты 26-30 шілде аралығында Шу көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойында қозғалыс толығымен жабылды.

26-28 шілде аралығында Қараменді би Шақалы көшесінің Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі аралығы жөндеуге байланысты жабылды.

26-27 шілде аралығында жол төсемін орташа жөндеуге байланысты Дауылпаз көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ақыртас көшесі толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар