00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада рұқсат етілмеген қоқыс тастау орындары жойылды

19.07.2023 | 06:00
48
Фото: дереккөз

Сарыарқа ауданының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Ауданнан жыл басынан бері 17 қоқыс орындары жойылып, 15 мың тоннадан астам құрылыс қоқыстары шығарылды. Биыл 655 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тасжолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Барлық жаңалықтар