Бүгін Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Концерт барысында «Абай» және «Қош махаббат» қойылымдарынан үзінділер мен Ұлы отан соғысы жылдарындағы танымал шығармаларды орындады.
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының шығармашылық ұжымы ән шырқап, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мәселен, Ілес Көпбосынов «Біздің елдің жігіттері» әнін шырқаса, ал Еңлік Айымғазы «Кукушка» әнін орындады.
Сонымен қоса, кеш барысында көрермендерге тарахи деректерден сұрақтар қойылды. Ал жеңімпаздарға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулат Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» драмасына билеттер берілді.
Мен барша қазақстандықтарды ҚР Қарулы күштері күнімен құттықтаймын. Бүгін – ерекше күн. Мен 20 жылдан астам ішкі істер органдарында қызмет еттім. Қазір зейнеттемін. Өскелең ұрпаққа айтарым, өмірде кездескен қиындықтардан қорықпау керек. Әскерге барып, өз борышын атқарса деген тілек айтамын, - деді 70 жастағы елордалық зейнеткер Мұратқали Төлеубаев.