00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада қоғамдық орындарды ластағандар жауапкершілікке тартылды

12.10.2023 | 08:00
35
Фото: ашық дереккөз

Астанада қоқыс қалдықтары бойынша тиісті ережелердің сақталуын тексеру, алдын алу және анықтау мақсатында іс-шара жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Акцияның алғашқы 2 күнінде абаттандыру ережелерін бұзғаны және қоғамдық орындарды ластағаны үшін 390 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 1 миллион теңгеден асты.

Белгіленбеген орындарға қоқыс тастағаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан елорда аумағын абаттандыру қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, қоқыстарды рұқсатсыз тастау фактілері анықталған жағдайда 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлау қажет.

Барлық жаңалықтар