00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада фандрайзинг және шетелдік қаржыландыру туралы семинар өтті

21.04.2023 | 14:41
33
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «ҮЕҰ жетекшілері үшін халықаралық донорлармен фандрайзинг және шетелдік қаржыландыру туралы есеп беру» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық донорлармен жұмыс істеу принциптері мен ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында өткен семинарға ұйымдардың басшылары, жобалау және қаржы менеджерлері, бастаушы фандрайзерлер, жаңа ҮЕҰ өкілдері қатысты. 

«ИНМИР» ҚҚ директоры, эдвокаси-маман Светлана Ушакова қатысушыларға Халықаралық донорлармен өз ұйымының мақсаттары үшін фандрайзинг өткізуге дайындау туралы түсіндірді. Спикер бастапқыда семинардың  мақсатын түсіндіріп, шетелдік қаржыландыруды тарту үшін ең алдымен не істеу қажет екеніне тоқталды.

семинар 2.jpeg

Фандрайзинг дегеніміз әлеуметтік маңызы бар міндеттерді, мәдени жобаларды жүзеге асыру немесе ұйымның бар болуын қолдау үшін үшінші тарап ресурстарын тарту. Бір қарағанда оның инвестор іздестіруден айырмашылығы байқалмайды. Негізгі ерекшелігі инвесторды негізгі қор қүру үшін, ұзақ мерзімге тартады және де инвестициядан түсетін пайданы ұзақ мерзімге жоспарлайды. Ал фандрайзингте қаржыны негізгі қор құру үшін емес, жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін жұмылдырады. Болашақ серіктестерді анықтау, оларды өз жобаларыңызға тарту үшін толық негізделген жоспар әзірлеу шарт. Яғни, алдымен ұйымның миссиясын анықтап, стратегиялық жоспарлау қажет,- дейді Светлана Ушакова.

семинар 1.jpeg

Сондай-ақ маман донорлармен қарым-қатынас орнату, сәтті өтінімді қалай жазуға болады және шетелдік қаржыландыру бойынша есептілік туралы түсіндірді. 

семинар.jpeg

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар