00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды

07.02.2024 | 09:32
39
Фото: дереккөз

Өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша қылмыстарды ашудың республикалық көрсеткіштері бойынша Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыс басқармасы екінші орынға ие болды. Ішкі істер министрлігі атынан Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Шүкіров марапатталды. 

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Полиция департаменті бастығының құқықтарымен “Астана қаласының Полициясы департаментіне 25 жыл” медалімен патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының командирі, полиция подполковнигі Дәурен Оразбеков марапатталды. 

73f257a5-83ba-4971-bfe7-0e5ddfb28761.jpg

Сонымен қатар Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен шағын футбол қорытындысы бойынша бірінші орын алғаны үшін ішкі істер органдары ардагерлерінің командасы марапатталды. 

Барлық жаңалықтар